Депутат айыппұлды өсіруді қолдаған әріптестерінің әрекетіне ұялатынын айтты
2016 ж. 16 мамыр
3139
0
Мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев жол ережесін бұзуға салынатын айыппұлдың тым жоғары екендігіне тағы да назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР ішкі істер министрі Қалмұхамет Қасымовтың қатысуымен өткен үкімет сағатының барысында Тінікеев тым жоғары айыппұл тақырыбына оралудың қажеттілігін айтты.
"Айыппұлдардың көлемі - бұл жазалаудың бір формасы, бірақ бұл белгілі бір ереже бұзушының ауқаттылығына байланысты анықталмауы тиіс. Жалпы ұстаным - ережені бұзбау және қылмыс жасамау. Бір ауыздан айтамын - біз жазаны, айыппұлды, әсіресе жол-көлік оқиғалары бойынша жазаны қатаңдатқанымыз әсер етті. Үш жыл бойы ереже бұзушылық азайды. Меніңше, бұл халықаралық тәжірибе. Бұзбасын. Біз оның қалтасына қарамауымыз керек, ол заңға қарауы тиіс. Сондықтан заң дұрыс қабылданды және ол пайдасын әкелуде", - деді министр Қасымов.
Кейін Тінікеев бұл тақырыпты тағы да қозғады. "Жалақы 50 мың теңге болса, айыппұл қалайша 90 мың болады? (...) Мен мұнда айыппұлды өсіруді қолдаған жұрттың қошеметіне ұяламын. Сіздер Еуропаны мысалға алып отырсыздар, бірақ Еуропада жол полицейінің жол жиегінде тығылып тұратынын қашан көріп едіңіздер? Шағын ереже бұзушылық болса, барады да ескерту жасайды. Ауламыздан көлік шықты делік, адам жарығын қосуды ұмытты - "Бауырым, шамың сөніп тұр" деудің орнына, "Мен бұған қазір айыппұл салайын" деп жеңін түреді. Ал ескертумен шектелсе бүкіл YouTube риза болысар ма еді. Міне, мәселе жүргізушілерді жазалауда емес, осында, заңбұзушылықтың алдын алуда жатыр", - деді депутат.
Дерек көзі: tengrinews.kz