Бюджеттік бағдарламаларға бөлінген қаражат толық игерілмей отыр – Асқар Мамин
2019 ж. 14 мамыр
2648
1
Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин бірқатар бюджеттік бағдарламаның әкімшілері бюджет қаражатын толығымен игермей отырғанын айтты, - деп хабарлайды baq.kz.
«Бірқатар бюджеттік бағдарламаның әкімшілері бюджет қаражатын толығымен игермей отыр. Осы бағытта жұмысты күшейту қажет және қаржыны уақытында игеруді қамтамасыз ету керек. Экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету қажеттілігін тағы да бір рет атап өткім келеді. Осы ретте қолда бар әлеуетті тиімді қолдану керек. «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», индустриалды-инновациялық даму және басқа да салалардағы мемлекеттік бағдарламалардың сапалы және толығымен орындалуын қамтамасыз ету керектігіне назар аудартты. «Осы бағдарламалардың іске асырылуының нәтижесінде экономика дамуына серпін беріледі. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар экономика өсімінің қарқынын арттыруға барлық күш-жігерді жұмсауы керек», - деді Асқар Мамин. Үкімет басшысы осы мәселені бақылауда ұстауды Премьер-министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайыловқа тапсырды. Сонымен қатар, Асқар Мамин 4 айдың ішінде экономикалық көрсеткіштері жақсарған өңірлердіатады.