Қазақстанның үш банкі біріктірілмек
2019 ж. 03 мамыр
3361
0
Қазақстан қор биржасы (KASE) үш банк – Tengri Bank, AsiaCredit Bank және Capital Bank Kazakhstan ерікті түрде қайта құрылатынын хабарлады, - деп жазды sputniknews.kz.
Шешім 31 мамырда акционерлердің бірлескен жалпы жиналысында қабылданады.
"Қайта құру "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)"АҚ мен "Capital Bank Kazakhstan"АҚ-ның "Tengri Bank"АҚ-ға қосылуы түрінде өтеді", - деп жазылған KASE сайтында жарияланған ақпаратта.
31 мамырдағы жиналыста банктерді біріктіру туралы шарт, акциялардың айырбас коэффициенті бекітіледі, сондай-ақ акцияларды сатып алу тәртібі мен мерзімдері анықталады.
Айта кетейік, 2018 жылдың шілдесінде Қазақстандағы екі ірі банк – Halyk bank пен Qazkom-ды біріктіру аяқталды. Qazkom-ның барлық мүлкі, құқығы мен міндеттемесі "Халыққа" берілді.