Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
2019 ж. 05 сәуір
5498
0
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің валюта-қаржы нарығындағы қазіргі ахуал жөнінде мәлімет берілді, - деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі.
– Қазіргі уақытта мұнай бағасының өсіп келе жатқаны байқалуда. Еліміздегі экономикалық ахуал мен теңге бағамы тұрақты. Жақында Ұлттық банк пен Үкімет тұрғындар үшін бірлескен мәлімдеме жасады. Сіздердің тараптарыңыздан бұл дұрыс шешім деп ойлаймын, – деді Елбасы.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету және инфляция деңгейін сақтап қалу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімделді.