Небары 20 жасында 60 миллион теңге тапқан қазақ жігіті кәсіпкерлік сырымен бөлісті
2019 ж. 06 наурыз
5504
0
Тараздық жас кәсіпкер небары 20 жасында 60 миллион теңге пайда тапқан. Бала күнінің өзінде айына 200 мың теңге тауып бүргенін айтқан Нұржас Жарасұлы есімді кәсіпкер жігіт bugin.kz сайтына сұхбат бетіп, өз ісінің қыр-сыры туралы баяндаған екен.
- Ең алғашқы кәсібім «Тәтті бәліштер» кафесін ашумен басталды. Бұл адамдармен тіл табысу мен нарықты зерттеу арқылы іске қосылған жоба болатын. Бір жағы құдайдың арқасында, енді бірі ақыл мен ізденістің арқасында 1 айдың ішінде тек өзімнің кәсібіме тән жаңа рецептті таба білдім және бірнеше рет сынаудан кейін жаңа өнімге деген халықтың көзқарасы оң болды, сұраныс та артты, - дейді Нұржас.
Оның айтуынша 15 жасында бастаған бұл кәсіптің өзінен айына 300-400 мың кіріс түсіп жүрген екен. Қазіргі уақытта Нұржас "Мой дом" компаниясын құрып, үй шаруасындағы сантехника мен электрика құрылысының ақауларынан сақтандыру бойынша қызмет көрсетеді.
Алайда, кәсіпкерліктегі алғашқы қадамдары да оңайға соқпаса керек, жас өрен өрге шығуға өзінің серіктестері қуат бергенін айтады.
- Өзім алғаш кәсіп саласында жүріп Алматыға келген кезде 17 миллион теңгеге қарыздар болып қалдым. Осы мәселені шешемін деп жүріп тағы оған қоса 20 миллион теңгеге борыштар болдым. Ең қызығы, бұл миллиондаған (кәсіпкерлер «лимон» деп жүр ғой) ақшадан құтылуға маған менің ең сенімді командам көмектесті. Бәріміз жеңілістің артын жеңіске ұштастырып жібердік, - дейді ол.
Нұржастың арманы 35 жасында 700 млрд доллар табу екен. Алла соған жеткізіп, қазақтың өрелі ұл-қыздары өз кәсіптерін ашып, Нұржастай өрге ғана баса берсін деп тілеймін.
qazaquni.kz