Ұлттық банк таяуда қандай теңге купюралары айырбасталмайтынын хабарлады
2018 ж. 25 қазан
2621
1
Ұлттық банк осы жылдың 14 қарашасынан бастап еш жерде айырбасталмайтын ескі теңге банкноттарын атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ұлттық банк 2018 жылдың 14 қарашасынан бастап 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік, 2000 жылғы үлгідегі 1000 және 2000 теңгелік, 1998-2001 жылдар үлгісіндегі 5000 теңгелік және 2003 жылғы үлгідегі 10 000 теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау тоқтатылатынын еске салды.
"2007 жылдың 15 қарашасынан бастап 1998-2003 жылдар үлгісіндегі банкноттар айналыстан шығарылды және заңды төлем құралы қызметін тоқтатты. 1998-2003 жылдар үлгісіндегі банкноттарды айырбастауды Ұлттық банк филиалдары 11 (он бір) жыл ішінде жүргізді", — деп жазылған баспасөз қызметі таратқан хабарламада.