Бұл қаражатқа 300-ден астам ірі жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасына 40 млрд теңге бөлінді
2018 ж. 27 тамыз
9726
0
24.kz арнасының мәліметіне қарағанда, аймақта бірнеше көркем фильм мен халықаралық ақпарат агенттіктерінің қатысуымен имидждік роликтер түсіріліп, шетелге ғылыми экспедициялар ұйымдастырылып жатыр.
Тарихи-мәдени ескерткіштердің электрондық картасы жасалып, оған жалпы саны 2300-ден астам нысан енді. «Атамекен», «Ақпарат толқыны», «Рухани қазына», «Тәрбие және білім» сияқты жобалардың жүзеге асырылу барысын Талдықорғандағы «Рухани жаңғыру орталығы» қадағалап отырады. Ол өткен жылы желтоқсан айында құрылды. Жобалық кеңседе өңірдегі 8 басқарманың қызметкерлері бірігіп жұмыс істейді.
Облыс бойынша «Атамекен» бағдарламасы Қарасай, Жамбыл, Алакөл және Балқаш аудандарында жүзеге асып жатыр.
"2018 жылдың аяғына дейін 7 млрд теңгеге 178 жоба жоспарланған. Ол жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге 40 жоба іске асырылды. 4 млрд теңгеге жұмыс жасалынып шықты" - дейді «Рухани жаңғыру» орталығының менеджері Гүлнәр Бесбаева.