Үміт ШАЯХМЕТОВА: ЖОҒАРЫ РЕЙТИНГТІ САҚТАУ – БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ
2018 ж. 05 тамыз
4858
0
Халық Банк-тің басшысы банкоматтар мен клиенттердің шоттары бойынша орын алған жағдайға түсініктеме берді
– Үміт Болатханқызы, қазір қос банк өте қиын сәттерді бастан кешіп жатыр. Осыған орай қазіргі банкте орын алып жатқан жағдайларға байланысты пікір білдірсеңіз. Клиенттердің басым көпшілігі ақша қаражатын қолма-қол шеше алмағандықтан және төлемдерді аудару мүмкіндігі шектелгендіктен алаңдай бастады. Бұл нендей жағдайға байланысты және бұл мәселе қашан жойылады?
– Иә, расында қарқынды түрде жұмыс істеп жатырмыз. Дегенмен, алаңдауға еш себеп жоқ. Қос банк бірікті, барлығы ойдағыдай. Ия, дегенмен әртүрлі техникалық мәселелер әлі де бар, ең бастысы банкте ақша бар және клиенттік база сақталды. Карточкалар бойынша кейбір операциялар бір тәулікке тоқтатылды, бұл кезең-кезеңімен қызмет көрсетілетін көптеген операцияларға байланысты. Бір миллионнан астам операция бар. Бұл қызмет түрлерін қайта өңдеу үшін уақытты талап етеді. Негізінен бұл кеңсеге келген заңды тұлғалар, шағын және орта компаниялардың мәселелері. Ал егер сіз жеке тұлға ретінде тіркелген клиент болсаңыз онда еш қиындықсыз қалаған көлемдегі ақша қаражатын шеше аласыз. Ақша бар, банкоматтардың барлығы қалыпты жұмыс істеп тұр. Біз бәрін мұқият бақылап отырмыз, банкоматтар қызмет көрсетуге дайын. Егер заңды тұлғалардың корпоративтік карталары болса, онда олар да еш қиындықсыз банкоматтан ақша ала алады. Іс жүзінде, жұмыс процестерінде проблемалар бар, бірақ мен барлық клиенттердің ақшасы сақталғанын, ешкім бір тиында жоғалтпайтынын сенімді түрде айта аламын. Бөлімшелерде кезек күткен клиенттер бар және бұл мәселенің алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
– Үміт Болатханқызы, бірақ әлі күнге дейін онлайн-операциялар туралы көптеген шағымдар бар, бұл да алаңдаушылық тудырады. Олар қашан шешіледі? — Ия, бұл уақытша ғана. Негізінен заңды тұлғаларға арналған онлайн-банкингте сәтсіздіктер болды, бірақ біз бұл мәселенің шешімін таптық, төлемдерді жүргізудегі мәселе де жойылды. Банк қызметтері бойынша кейбір ауытқулар болуы мүмкін, оның өзі ең көп дегенде 2-3 күнге ғана созылады. Орын алған ауытқулар айдың аяғы болғандықтан ғана сезілді. Неге десеңіз, заңды тұлғаларға жалақы аударуға байланысты. Қолма-қол ақшамен жұмыс істейтін кішігірім компаниялар бар, олар ақшаны төлеу үшін онлайн-банкингсіз қолма-қол ақшамен ғана ақша алады және толықтырады, сол себепті көптеген жүргізілген операциялар белгілі бір жүктеме болып жүйе ауытқи бастайды. Мен клиенттердің барлығын түсінемін, олармен банк бөлімшесіне барып жүздестім, олардың неге шағымданатынын да білемін, түсінемін, бірақ жағдайды ушықтырмауларын өтініп сұраймын, орын алған мәселенің бәрі шешіледі.
– Қандай жақсы жаңалықтарыңыз бар? Банктің келесі қадамы қандай?
– Жалпы алғанда, жағдай бақылауда, біз бәрін көріп отырмыз, түсінеміз, банк қалыпты жұмыс істейтін болады. Алдағы уақытта біздің клиенттерге толассыз мүмкіндіктер ұсынылады, өйткені біз біріккен ең үлкен, ең тұрақты банкпыз. Бірігу аяқталғаннан кейін екі банктің комиссияларын салыстырамыз және клиенттердің пайдасына қарай төмен комиссияларды таңдаймыз. Яғни клиенттер комиссиялық шығындар мен тарифтердің бағасынан пайда көреді. Онымен қоса, Халық банк ШОБ үшін жақсы бағдарламалар әзірледі. Біз әрдайым клиентерімізге кредитті ресімдеуді ұсынып келдік және қазіргі уақытта ұсынудамыз және ұсынатын да боламыз. ШОБ және ипотека бойынша Халық банкте жылдық сыйақы мөлшерлемесі әрдайым төмен болып келді. Қос банктің бірігуі ірі клиенттер үшін үлкен мүмкіндік десек болады. Қазком жайлы осы уақытқа дейін не айтса да, қос банк біріккен күннің өзінде жоғары рейтингті сақтап қалдық. Сондықтан, әрине, оң динамиканы күтеміз. Қазір нақты айта алатыным Қазкомның клиенттері Халық банкпен біріккеннен кейін үлкен мүмкіндіктерге ие бола алатынына сенімдімін.
– Әңгімеңізге рахмет!
qazaquni.kz