Мал шаруашылығы ақсап тұр
2018 ж. 30 мамыр
12352
5
Табиғат ананың тосын мінезіне ешкім де шектеу қоя алмасы анық. Биыл еліміздің Оңтүстік Қазақстан аумағындағы шөлейтті аудандарында көктем шығар кезде түйір тамшы жаңбыр жаумағандықтан жерге шөп шықпай қалды. Әрине құрғақшылық өздерінің аздаған малы бар шаруаларды уайымға салып отырғаны. Әсіресе Шардара, Отырар, Түркістан аудандары мен Арыс қаласына қарасты жайылымдарда тып типыл болып тұр. Ертеңгі келер шіліңгір шілдеде көлеңкелер шөп таппасын білген торғай екеш торғай ел асып жоғалуда.
Шаруа қожалық иелері тау бөктеріндегі елдерден араға ағайын, жегжат, құдаларын салып мал жайылым іздеумен сабылып жүр. Тапқандары айтқан бағаларына келісіп, таппағандары қолдарындағысын сатайын десе көтерем малдарын ешкім алмай бастары қатуда.
Әлі алдарында толықтай жаз айлары, онан кейін келер күз де бар. Алдағы жылдың қысы қалай болмақ? Шаруадан ұйқы кетті қысқасы.
Обылыстық, аудандық мал шаруашығына қатысы бар шенеуіктерге айтқаннан не, айтпағаннан не пайда «жекеменшіктерің» дейді болса да. Ия, мал шаруашылық еңбеккерлері ең төменгі сатыға қойылған. Қоғамнан тыс қалған пенделер сияқты.
Халық денсаулығы-тамақ өнеркәсібіне өз еңбектерін қосып отырған шаруалар атаусыз қалып жатады әркезде. Субцидия да алалап беріледі. Мал шаруашылығына берілер мұндай көмектер обылыс деңгейінен ары асуы да екіталай. Ветеренария жұмысы жүрдім бардым. Жылына екі үш рет малдарға салынар вакцинадан соң сол ветеринарларды табу да қиынның қиыны. Шаруалардың жалынып жүргені сол ауырып қалған малдарын көрсету үшін ветеринар дәрігерлеріне.
Бәрін айт та бірін ай, Тәуелсіздік алғалы бері Үкіметке алақан жаймай, мал санын өз төлдерінен аз-аздан көбейтіп отырған шаруаларға биылғы жыл үлкен сынаққа айналуда.
Осыны байқаған кебек (жем) әкелушілер де бір қап кебектің құнын аспандатып жіберді. Тіпті кебек килосының бағасы бидай бағасынан да асып түсуде.
Ауыл Шаруашылық Министрлігі жоғарыда аты аталған аудандар шаруаларының жағдайын ескеріп, ұн шығарар үлкен концерндерден өз бағасына ұннан қалар қалдық- кебек концентратын өз бағасынан асырмай беріп жатса құба құп болар еді. Ал мұны жергілікті ауыл шаруашылық бөлімдері қадағалап отырар болса келесі жылға дейін амалдар шаруа қожалықтары ары қарай өз «пешенелерінен» көріп, Үкіметке сенімдері де арта түсер еді!
Әуелхан Шонжан,
Арыс қаласы