Қазақстанда Қытай қаржысы салынған 11 нысанның құрылысы басталды
2018 ж. 25 мамыр
6903
7
Қазақстан 2018 жылы алты бірдей қазақ-қытай инвестициялық жобасын іске қоспақ. Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбектың сөзінше, қазіргі таңда қазақ-қытай инвестициялық жобасы аясында жалпы құны 7 миллиард долларды құрайтын 11 нысанның құрылысы басталған. Соның ішінде 6 нысан 2018 жылы пайдалануға берілмек.
Жалпы, қазақ-қытай инвестициялық жобасы аясында Қазақстан аумағында 51 нысан салу жоспарланған. Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында жалпы құны 143 миллион долларды құрайтын 4 нысан іске қосылған.
Естеріңізге салайық, осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстан аумағында қытайлық компаниялар салатын 51 нысанға байланысты дау туған. Қазақстан халқы қытайлық компаниялардың ел аумағында зауыт салуына қарсы шыққан.