2018 жылдың қаңтар айында Қазақстаннан шетелге аударылған сома 35,7 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 1,5 есе көп. Ол кезде шетелге барлығы 24,1 млрд теңге жіберілген болатын, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандықтар Ресей мен Қытайға бір айда 20 млрд аударды
2018 ж. 26 наурыз
2648
2
Қазақстан Республикасынан шетелге аударылған ақшалардың 40%-ы Ресей Федерациясына жіберілген. Дәлірек айтсақ – 14,5 млрд теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 29,6% көп. 2017 жылдың қаңтар айында Ресейге жіберілген ақшаның үлесі - 46,6%.
Ал Қытайға 5,3 млрд теңге жіберілген. Ақша көп аударылған үшінші мемлекет – Қырғызстан. Аталған мемлекетке қазақстандықтар 3,9 млрд теңге жіберген. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 2,3 есе өсті. Үлесі 7,1%-дан 10,9%-ға жетіп отыр.
Көпшілік ақша аудару үшін «Золотая Корона» жүйесін пайдаланған. Аталған жүйенің көмегімен аударылған ақша көлемі – 19,3 млрд теңге. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 91,3% өсті. Ал ҚР-дағы үлесі 42%-дан 54,1%-ға өсті.
Екінші орында Western Union жүйесі – 7,6 млрд теңге. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш - 85,6% өсіп отыр. Жүйенің үлесі 17%-дан 21,3%-ға өсті.
Үштікті «Юнистрим» жүйесі бекітті – 3,1 млрд теңге. Бір жыл ішінде көрсеткіш 9,5% өсті. ҚР-дан үлесі 11,9%-дан 8,8%-ға артты.