Қазақстандық автокөліктер қанша пайызға арзандайды?
2018 ж. 26 қаңтар
10651
5
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «Сатылымы жағынан қосымша құн бойынша салықтан босатылатын көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникаларының тізімін бекіту туралы» бұйрық дайындап жатыр. Құжатқа ақпан айында қол қойылып, ол жариялануы мүмкін, деп хабарлайды kolesa.kz. Бұйрыққа сәйкес, қосымша құн салығынан (ҚҚС) қазақстандық кәсіпорындардың бөлшектерінен жасалған, «инвестиция бойынша құзіретті органдармен бекітілген инвестициялық шарттар аясында кеден процедурасы үшін еркін қоймада орналастырылған» жеңіл автокөліктер, ауыр жүк көліктері, тракторлар мен арнайы техникалар босатылмақ. Ол жағдайда көліктің құны 12 пайызға азаюы мүмкін. Демек, мұндай жеңілдікке ҚР ИДМ-нен қолдау тапқан және әкелінген жиынтық саймандардан көлік құрастыратын жергілікті зауыттардың өнімдері ие болады. ҚҚС-ты алып тастағаннан кейін қазақстандық автосалондарда көліктің бағасы арзандайтыны немесе арзандамайтыны туралы сауалға (БИПЭК АВТО ғана бұл сұраққа жауап берді) кәсіпкерлер әлі толымды жауап бере алған жоқ. Олардың айтуынша, бұл мәселе бойынша әлі соңғы шешім шықпаған. Бірақ, бұл сұрақтың жауабы құжат күшіне енгеннен кейін белгілі болмақ.