Берлин Еуразиялық клубының отырысы өтті
2017 ж. 21 желтоқсан
2957
2
2017 жылдың 14 желтоқсанында ӘЭСИ «Әлемдік саяси-экономикалық зерттеулер» Бағдарламасының жетекші сарапшысы Айжан Мұқышбаева Германиядағы Қазақстан елшілігінің шақыртуымен Берлин Еуразиялық клубының 22-ші отырысы жұмысына қатысты. Отырыстың негізгі тақырыбы 4.0. индустриясының даму келешегін талқылауға арналды.
ҚР Германиядағы елшісі Б.Нүсіпов ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының мақсаты мен тапсырмаларын түсіндірді.
ГФР Экономика және энергетика министрлігінің мемхатшысы Уве Бекмейер сауда айырбасындағы техстандарттарды қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. Уве Бекмейердің сөзінше, «ЕАЭО жаңа кеден кодексінің қабылдануы, соның ішінде ЕАЭО кедендік рәсімдеулердің электрондық форматқа өтуі, экспорт-импорттық операциларды 10 есе жылдам рәсімдеуге көмектеседі».
А. Мұқышбаева өз баяндамасында 4.0. индустриясы тұжырымдамасын жүргізудегі мемлекеттің рөлі туралы нақтылап айтты. «Қазақстан мемлекеттік саясат ретінде өзінің даму жоспарына цифрландыруды қосты. 4.0. Индустриясына көшудегі маңызды қадамнің бірі – «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы» - деді ол.
«Қазақстанда инновациялық экожүйенің бірқатар элементтері құрылған. Бүгінгі таңда жүйетүзеуші компанияларда 4.0. индустриясы элементтерін қамтыған 14 жоба жүзеге асырылуда. АХҚО аумағында «Astana hub» халықаралық технопаркі іске қосылуда, онда стартаптар корпоративті табыс салығы мен жеке табыс салығы бойынша жеңілдіктер алады» - деді А. Мұқышбаева.
Германдық бизнес өкілдерінің пікірінше, цифрландыру бойынша ауқымды тапсырманы жүзеге асыру үшін «Қазақстанда жергілікті серіктестік болуы қажет». «Сатумен қатар бізге қызмет көрсету де маңызды. Қазақстан Азияның ортасында орналасқандықтар, біз серіктестеріміздің кәсіби білімін дамытқымыз келеді» - деді Германия бизнес-қауымдастығының өкілдері.
Германия тарапынан шараға Фраунгофер автоматизация және өндірісті ұйымдастыру институтының Бақылаушы кеңес төрағасы Бургхард Шеель, Nokia корпорациясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африкадағы үкіметпен байланыс бөлімінің басшысы Олаф Шульц, сондай-ақ, өзге де сарапшылар мен бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы мен еуразиялық туралы идеясын жүзеге асыру аясында Берлин Еуразиялық клубы ҚР мен ГФР және ЕО арасында қоғамдық-саяси мәселелерді талқылау алаңы ретінде құрылған. Берлин Еуразиялық клубының салтанатты ашылуы 2012 жылдың 7-ші ақпанында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың қатысуымен өткен болатын.