Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша жауап берген «Шымкентхиммонтаж» зауытының бұрынғы директоры Жақсылық Исабек экс-министрге лобби жасау үшін 2 миллион доллар пара бергенін айтты. Алайда бұрынғы Ұлттық экономика министрі тағылған айыптармен келіспей отыр. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
Қуандық Бишімбаевтың зәулім коттеджі табылды
2017 ж. 24 қараша
2882
6
Жақсылық Исабектің айтуынша, ол Қызылордадағы шыны зауытының құрылысына қатысу үшін Бишімбаевқа ауызбастырық беруге мәжбүр болған.
- «Бәйтерек» холдингімен келісімге келіп, Қызылордадағы шыны зауытының құрылысына араласқымыз келген. Бірақ, ол оңай болмағандықтан, таныстардың көмегі арқылы Бишімбаевпен мейрамханада кездесіп, сөйлескенбіз. Сол кезде ол жобаға қатысқың келсе, пара бер деп ашығын айтқан. Сұраған сомасы 2 миллион доллар, - деді Исабек.
Қыруар ақшаны Исабек 10 күн ішінде тауып беруге келісіпті. Сөйтіп, ақшаны досынан қарызға алып, кейін оны Бишімбаевтың бауыры Нұрлыбек Сұлтанға берген. Пара алмасу үшін «Ақсәуле» дейтін құпия сөзді айыпталушылар осы кезде қолданған екен.
Ал осыған дейін «Бәйтерек Девелопменттің» бұрынғы төрағасы Бақыт Жақсыбаев Бишімбаевтың тапсырмасымен Астана іргесіндегі Қосшы ауылында зәулім коттедж салғанын айтқан болатын. Бірақ, экс-минитсрдің адвокаттары ешқандай коттедж жоқ деп отыр.
- Жылжымайтын мүлік тіркелмейінше оны үй деп санауға болмайды. Бишімбаевқа тиесілі делінген коттедж ешқайда тіркелмеген. Сондықтан, заң бойынша оны үй емес, тек құрылыс материалдары деп айтқан дұрыс, - деді Бишімбаевтың адвокаты Сәлімжан Мусин.
Бірақ, Қосшы ауылындағы мына ағаштан салынған хан сарайындай үйге қарап олай деп айту қиын. Министр бюджеттен ұрлаған ақшасына салды деген коттедждың құрылысы толығымен аяқталған, - деп хабарлайды КТК тілшісі.
Ұлттық бюроның мәліметінше бұл коттедждің құны 100 миллион теңгеден асатын қыруар қаржыға бағаланған.