Алматы облысы ірі қара мал саны бойынша алдыңғы орында тұр
2017 ж. 01 қараша
3990
1
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлімдеді. Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.
Ағымдағы жылда "Сыбаға", "Алтын Асық" және "Құлан" бағдарламалары бойынша 15 мыңға жуық мал басы сатып алынды. Нәтижесінде, асыл тұқымды мал басының үлесі 16 -23%(ірі қара мал - 18% (ҚР бойынша – 11%), қой – 23% (ҚР бойынша – 14,7%), жылқы – 16% (ҚР бойынша – 7,8%)) көбейді.
Қазіргі таңда облысында 60 мал бордақылау алаңы мен 55 сүт-тауарлы фермасы жұмыс істейді. Олардың ішінде 400 басқа арналған 1 СТФ «Жетісу» ӘКК-нің қатысуымен мемлекеттік-жекеменшік механизмі арқылы жүзеге асырылды.
- Соңғы екі жыл ішінде 13 мың жеке қосалқы шаруашылықтарды тарта отырып 239 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Соның арқасында өткен 9 айда ет өндіру 6,2 %, сүт – 3,2 % артып, оларды өңдеу үлесі орта есеппен 32,5 % құрап отыр, - деп қорытындылады Амандық Баталов.