Ұлттық бюро Храпуновтар отбасына айып тақты
2017 ж. 20 қазан
1928
0
Виктор және Лейла Храпуновтарға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Істі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы тергеуде, деп хабарлайды stan.kz.
Қазіргі таңда тергеу барысында жиналған дәлелдемелер күдікті В.В. Храпуновтың әрекеттері 1996 жылғы ҚР ҚК 235-бабы (бір немесе бірнеше қылмыс жасағаны үшін ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сондай-ақ оған қатысу), 176-бабы (сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иелену және ұрлау), 177-бабы (алаяқтық жасау), 193-бабы (заңсыз жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру), 307-бабы (лауазымдық өкілдігін асыра пайдалану), 311-бабы (пара алу) бойынша аса ауыр қылмыстар жасағанын анықтауға мүмкіндік берді.
Л.К.Храпунованың құқыққа қайшы әрекеттері 235-бабы (бір немесе бірнеше қылмыс жасағаны үшін ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сондай-ақ оған қатысу), 177-бабы (алаяқтық жасау) және 193-бабына (заңсыз жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру) сәйкес келсе, ал А.К.Ілиясов 177-бабы (алаяқтық жасау) бойынша айыпталуда.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 206-бабының 1-бөлігіне сәйкес (ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі) күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы үкім шыққан күннен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей жарияланады. Күдікті немесе оның қорғаушысы келмеген жағдайда, қаулы жиырма төрт сағат өткен соң жария етілуі мүмкін.
Күдікті В.В.Храпунов, Л.К.Храпунова және А.К.Ілиясовтың ҚР аумағынан тыс жерде тұруына және қатысудан жалтаруға байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі заңға сәйкес, прокурормен келісе отырып БАҚ-та олардың әрекеттерін саралау туралы хабарлама жариялайды.
Үкімнің жариялануына қатысу үшін және қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін күдікті В.В.Храпунов, Л.К.Храпунова және А.К.Ілиясов 2017 жылдың 24 қазанына дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының мына мекенжайдағы әкімшілік ғимаратына келуі тиіс: ҚР, Астана қ., Сейфулиин көшесі, 37.
Еске салайық, бұдан бұрын биыл 17 қазанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Ұлттық бюросы күдікті Виктор Храпунов пен Лейла Храпунованы, А.К.Ильясовты жауап алуға шақырған еді. Алайда олар қылмыстық іспен танысу үшін Қазақстанға келген жоқ.