Отандық ұн өндірушілер дабыл қағуда
2017 ж. 23 қыркүйек
2938
1
Аймақтардағы 20 ұн тарту кәсіпорындарының өтініштері бойынша, «Ақ жол» партиясында фракция депутаттарының, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қазақстанның астық өндеу және нан пісіру Одағы басшылықтарының қатысуымен «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Ақ жол» партиясына хабарласқан кәсіпкерлер өндіріс көлемінің азаюына, оның ішінде астықтың жетіспеушілігіне байланысты алаңдаушылық білдіруде, олардың айтуы бойынша экспортқа жіберу үшін трейдерлер астықты жаппай сатып алуда. Бұған импорттаушы елдердің өңделген өнімдер: ұн және ұн өнімдері импортына зиянын тигізетін бидай дәнін импорттауды ынталандыру саясаты себепші. Мысалы, Тәжікстанда, астық импортына 12%, ал ұн импортына – 18% көлемінде ҚҚС салынады. Өзбекстанда астықтың пайдасы үшін, оларды тасымалдауға әртүрлі т/ж тарифтері қолданылады. Әрине, бұл бизнесті ұнды емес, бидайды эскпорттауға мәжбүрлейді. Сонымен қатар, астықты қайта өндеу өз елімізде жүздеген жұмыс орындармен қамтамасыз етіп, қосылатын құн және салық салынатын базаны арттырып, бюджетке қосымша кірістер жасайды. Бірақ мемлекеттің қолдауынсыз мұндай мүмкіндіктер кенже қалып отыр.
Астық өндеу және нан пісіру Одағының президенті Евгений Ган ұқсас мәселелер басқа экспорттық тауарларды да күтіп тұр: «Әңгіме тек ұн тарту саласында ғана емес. Егерде, мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау керек болса, онда дәл осындай мәселелер туындайды - бізден дайын өнімді емес, шикізатты тасымалдаған тиімді. Ал, жауапты мемлекеттік органдар ықпал етуі тиіс болса да бұл үйлесімсіздікке әсер ете алмайды.
Ұн тартушылар отандық кәсіпорындар тап болатын басқа да мәселелерін атап өтті. Мысалы, ұн экспорттау кезінде ҚҚС қайтару үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеушілер оларға еш қатысы жоқ 5-6 контр серіктестерінің салықтық адалдығын растауға міндетті. Бұл рәсімдер айларға созылып, нәтижесінде қайтаруға тиесілі соманың жартысына дейін үнемі айналымнан түсіп қалады.
Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Рүстем Құрманов экспорт, тарифтік емес реттеу, тарнзиттік тарифтер мәселелері осыдан екі күн бұрын Елбасы Н.Назарбаевтың Өзбекстанға сапары барысында айтылғанын атап өтті. Ұзақ келіссөздерден кейін біздің бидайдың импортына акцизді салықты алып тастау туралы келісімге қол жеткізілді, енді бүгін өзбек компаниялары қазақстандық жеткізуші компаниялармен белсенді жұмыс істеуде. Қалған мәселелерді шешу үшін жұмыс тобы құрылды және вице-министр бизнесмендерді оның жұмысына қатысуға щақырды. Сонымен бірге, кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан да басқа да ұсыныстар айтылды.
Азат Перуашев пікірталасты қорытындылай келе, көтеріліп жатырған мәселелердің өзектілігін атап өтті, өйткені қазақстандық өнімдер үшін осындай кедергілер көптеген көршілес елдерде бар. Мысалға, бизнес партиясына қытайлық инвесторлардың қатысуы бар отандық кәсіпорындар хабарласты, олардың өнімдеріне Қытайдың өзінде кедендік баж салынған.
Перуашев фракция депутаттарына кездесіп отырған кедергілерді алып тастау бойынша мемлекеттік органдардың қазақстандық тауарларды импорттаушы-елдермен жұмыстарын жандандыру туралы тиісті сауал дайындауды тапсырды. Сонымен қатар, ол ЕО үлгісі бойынша тұтыну тауарлары мен өнімдер өндірісін қолдау үшін ҚҚС салалық ставкалары туралы ұсыныстарын «Ақ жол»фракциясы 2012 –шы жылдан бері енгізіп келгенін, бірақ олар үкімет тарапынан үнемі кері қайтарылатынын еске салды.
«Европалық тәжірибені енгізу мәселесінде тіпті, Тәжікстан бізден алға шығып кеткен», - деді депутат. Ол фракция Салық кодексінің жобасына бір топ ұсыныстар мен түзетулер дайындап жатырғанын хабарлады және салалық қауымдастық басшылығын осы жұмысқа араласуға шақырды.
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру және отандық тауар өндірушілердің мүдделерін қорғау жұмыстарын жалғастыруда.