Белгілі сарапшы АҚШ санкцияларының Қазақстанға әсері туралы айтты
2017 ж. 09 тамыз
3251
6
Әлем жаңа қырғи-қабақ соғыстың алдында тұр: осы аптада АҚШ президенті Дональд Трамп антиресейлік санкциялар туралы заңға қол қойды. Ресейге қарсы ең радикалды шаралар жинақталған бұл заң оның көршісі – Қазақстанға да саяси және экономикалық тұрғыдан әсер етеді. Ағымдағы аптада теңгенің күрт құнсыздануын сарапшылар аталмыш санкциямен тікелей байланыстырады. Ары қарай, тіпті, күрделенеді, төменде ең пессимистік сценарийлерге болжам жасалып отыр.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының Алматыдағы өкілдігінің жетекшісі Асқар Нұрша мәлімдеді, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталы.
Жанамалық әлсіздіктің белгісі емес
Шілденің 27 күні америкалық сенат Ресей, Иран мен КХДР қарсы ауқымды шектеу шаралары бар заңнаманы қабылдады. Ал тамыздың 2 күні президент Трамп санцияға ілінген банктерді қаржыландыруды уақытын максималды меже, яғни, екі аптаға дейін, мұнай мен газ секторындағы компаниялардыкін 30 күнге дейін қысқартуды көздейтін құжатқа қол қойды.
Қорын өндеу қиынға соғатын және қажетті жабдықтар мен технологиялармен қамтуға тыйым салынған тереңсулы және арктикалық қайрағды, мұнай-газды жобалар ауқымы да қайта қаралады. Ресейлік санкияға ілінген компаниялардың 33 пайыз үлесі бар барлық жаңа жобаларға да шектеу қойылады.
Екі мемлекеттік санкциялық текетіресінің жаңа кезеңі Қазақстанға қалай әсер етеді?
Асқар Нұршаның пікірінше, санциялардың Қазақстанға деген әсері жанама және потенциалды түрде болмақ, алайда бұл аталмыш санкциялардың әсері аз болады дегенді білдірмейді.
– Ресейге ғана емес, мұнай мен газ саласындағы оның барлық серіктестеріне де санкциялық қысым артып отыр. Санкцияның екінші кезеңі ресейлік ықпалдылыққа, соның ішінде, посткеңестік кеңістіктегі ықпалыдығына қарсы шара деп білу керек. Негізгі басымдылық Шығыс Еуропа елдеріне, ТМД-ның еуропалық бөлігіне және Кавказ елдеріне жасалып отыр. Алайда бұл санкциялардың әсері Қазақстанға да тиіп отыр, - деді сарапшы.
Аталмыш заң америкалық лидердің конгресс алдында екі бағыт бойынша жыл сайынғы есеп беруін талап етеді: ресейлік БАҚ-тың Ресей аумағынан тыс қызметі (әңгіме шетелдегі ресейлік насихатқа қатысты) және Ресейдің өзге елдердегі сайлау процесіне әсер ете алуы, соның ішінде, шетелдік партиялардың, түрлі ұйымдар мен жекелеген саясаткерлердің ресейлік үкіметпен және онымен үлестес құрылымдармен байланысы.
– Қазақстан аталмыш георграфияға түспесе де, АҚШ-тың бұл саясаты экстерриториалды сипатта орын алады. Американың ресейлік насихат және посткеңестік кеңістікке деген Ресейдің ықпалына қарсы күресі Қазақстанға да әсер етеді.
АҚШ Еуропаға қарай тартылатын ресейлік энергетикалық құбыртасымалдаушы жобаларына да қарсы әрекет етпек. Ресейдің Еуропадағы серіктес компанияларына және Ресейдің қаржылық секторына соққы бере отырып, АҚШ аталмыш елдердегі Қазақстанның серіктестеріне де шектеу қояды, өз кезегінде ол компаниялар америкалық санкцияларға төтеп бере алмағасын Ресеймен қарым-қатынасын үзуге мәдбүр болады, - деп болжам жасады Асқар Нұрша. – Ал, ресейлік капиталдың Қазақстандағы үлесін ескерсек шектеу шаралары Ресейдің Қазақстандағы серіктестеріне де ықпал ететінін айта кету керек.
Осындай санциялардың әсерінен Ресейдегі экономикалық жағдай жергілікті қаржылық секторға да әсер ете бастайды, Қазақстан Ресеймен біріңғай экономикалық және қаржылық кеңістікте орналасқасын бұл бізге де өз әсерін тигізеді, дейді сарапшы.
Нөлдік бағамен ойын
Тағы бір маңызды мәселе – Ресейдің еуропалық бағыттағы саясатын шектей отырып АҚШ Ресейді одан ары Қытайға қарай ығыстыра бермек. Орталық Азияға да Ресейдің шығыстағы көршісіне қатысты саяси белсенділігінің артуын күту керек, деп санайды ӘЭСИ өкілі.
– Ресейде мобилизациялық тренд күшейтіледі, яғни, батыстың саясатына қарсы тұруға басымдық беріледі. Ал өзара қырғи-қабат соғыс посткеңестік кеңістіктегі елдер үшін жақсылықтың нышаны емес. Егер тараптар келіспесе стратегиялық тұрақтылық сериясының келісімі дағдарысқа ұшырауы ықтимал, кейбір тараптар бұл келісімнен шығуы мүмкін, бұл Қазақстан үшін де, тұтас аймақтағы тұрақтылық үшін де өте маңызды.
Сонымен қатар, Ресей мен АҚШ нөлдік баға ойынына көшу мүмкін деген қауіп бар, бұл бір тараптың жетістігі екінші тараптың жеңілісі дегенді білдіреді. Сәйкесінше, егер бұған дейін Орталық Азия бұл бәсекелестік эскалациясынан сырт айналса, енді бұл процесс оған да әсер етуі мүмкін, - деді сөз сөзінде саясаттанушы.
Асқар Нұрша өзара тірескен екі тараптың өзге де жергілікті қақтығыстарда мықтыны анықтауға көшуі мүмкін екенін айтады, осынған дейін мұндай жағдай кеңестік кезеңде орын алған, бүгінде Сирияны да мысал етуге болады, жаһандық ойыншылардың араласуы салдарынан елдегі жағдай реттейлмей жатыр.
Саясаттанушының пікірінше, жағдай ары қарай бірнеше сценарий бойынша өрбиді.
– Нөмір бірінші сценарий: үлкен сауда, соның салдарынан екі тарап өзара келісімге келуі мүмкін. Екінші сценарий қырғи-қабақ соғысқа төтеп беріп, посткеңестік елдердің Америкамен қарым-қатынасын күрделендіре берген Джексон – Вэник заңына қатысты. Осы жерде үшінші сценарий туралы айту керек – қырғи-қабақ соғысты өзге бағытта жалғасуы, - дейді сарапшы.
– Қазақстан Сцилло мен Харибда арасындағы тепе-теңдікті қалай сақтап қала алады? Республика осыған дейін жүргізілген саясатты ұстануы керек. Ол өзінің нәтижелілігін көрсетті, ал қазір ойластырылған, тұрақтанған бағытты жүргізу қаупі еселеніп отыр.
qazaquni.kz