Қазақстаннан заңсыз $10 млрд. шығарылған
2017 ж. 03 тамыз
1855
1
Соңғы 10 жылда Қазақстаннан $10 млрд. көлемінде қаржы ұрланды және шетелге шығарылған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі LS-ге сілтеме жасап. Елден шығарылған сомма жалпы ішкі өнімнің 8,1% құрайды.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ақша ұрлау бойынша 36 қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Білікті тергеушілердің жоқтығы - біздің осал жеріміз. Олар шетелге сауатты сауал жолдай алмайды. Активтерге пайдалануға қалай тыйым салу керек екенін және оны қайтаруды білмейді. Шетелік әріптестерімен тығыз байланыс орната алмайды» деді ҚР Бас прокуратурада.
Осы себептерге байланысты өткен жылдың қазан айынан бастап активтерді қайтару туралы жобаны іске асыру қолға алынды.