Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеруге бюджеттен тағы 20 миллиард бөлінбек
2017 ж. 13 мамыр
3739
1
Үкімет биыл мемлекеттік қызметкерлердің жалақысына 20 млрд теңгені артық жұмсамақ. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Energyprom.kz сараптама агенттігінің мәліметінше, 99 мыңға жетіп жығылатын мемлекеттік қызметкердің айлығына осы жылы қазынадан 1 трлн, 32 млрд теңге жұмсалады. Бұл былтырмен салыстырғанда 20 млрдқа көп.
Қызметкерлер жалақысының көтерілуі одан ұсталатын зейнетақы салымы мен салықты да арттырған. Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелер үшін шілдеден басталатын міндетті әлеуметтік сақтандыру да бюджетке қосымша салмақ салып отыр. Оған қазынадан қосымша 52 млрд теңге төленбек. Осылайша мемлекет денсаулық сақтауға бөлінетін бюджет шығынын бір жағынан қысқартса, шенеуніктерге жұмсалатын қаражатты арттырып отыр.