Құлыбаев зейнетақы қорының жұмысын сынға алды
2017 ж. 30 сәуір
2161
6
Ел тұрғындарының триллион теңгелері сақталған зейнетақы қорына енді "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы шүйлікті. Ұлттық банк ақшаның тиімді жұмсалуын бақылауды бетімен жіберген дейді палата басшылары.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
Мәселен, әлемде зейнетақы қорын ұзақ мерзімді инвестиция ретінде пайдаланады. Қазақстан да Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құрғандағы ойы - ірі өндірістік жобаларды қаржыландыру болатын. Бірақ, қазір ол жоспар орындалмай отыр. Жұрттың қарттыққа деп жиған ақшасын кезінде компаниялардың заңсыз пайдаланғаны да Ұлттық банк кінәсі екен. Яғни, жеке фирмаларды дұрыс бақылап, олармен жұмыс істей алмаған. Бірақ, Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылған соң да жағдай өзгермепті.
Тимур Құлыбаев, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы:
- Екінші деңгейлі банктер қаржыны басқара алмайды, оңды-солды шашты деген желеумен қазір жұрттың бар ақшасын Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына топтастырды. Ал жаңадан құрылған қор ол ақшаны мемлекеттік қарызға жұмсап, банктерге депозит ретінде берді. Яғни, банктен алып, қайта банкке берді.