Бір миллион доллар пара алған "Қорғас" басшысы түрмеден босатылды
2017 ж. 25 сәуір
3010
11
Бір миллион доллар пара алып ұсталған "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының бұрынғы президенті Василий Ни қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Бұл туралы Tengrinews.kz басылымына Алматы қалалық сотының қылмыстық істер бойынша алқасының төрағасы Бақытжан Қараманов мәлімдеді.
"Прокурордың өтінім хаты бойынша екі айыпталушының да бұрын істі болмағанын, жұмыс орыны мен тұрғылықты жері бойынша берілген жақсы мінездемесін, тағылған айыпты толық мойындағанын, сонымен қатар, айыпталушы Сайдуллаеваның қарауында жасы кіші баласының болуын ескере келе сот Қылмыстық кодекстің 1 бөлімі 65 бабына сәйкес В.Ни мен М.Сайдуллаеваны қылмыстық жауапкершіліктен босатты", - делінген мәлімдемеде.
Еске сала кетсек, іс материалдары бойынша Василий Ни 2016 жылдың жазында "Тюлпан Хоргос" ЖШС-нен қонақ үй салуға байланысты инвестициялық байқауда жеңімпаз деп тану үшін заңсыз түрле бір миллион АҚШ доллар сыйақы талап еткен.
Іс материалдарында көрсетілгендей, Ни өз ойын жүзеге асыру үшін қол астындағы инвесторлармен жұмыс бөлімінің басшысы Махаббат Сайдуллаеваны тартқан. Ол өз кезегінде пара алуға көмектеседі. Өткен жылы 5 қыркүйекте осы іске қатысы бар адамдар пара алу кезінде ұсталған еді.