Зейнеткер зейнетақысына қосылған ақшаны Президенттің өзіне салып жіберді
2017 ж. 24 сәуір
4758
0
Ресейдің Том облысы Белыя Яр ауылының тұрғыны зейнеткер Виктор Смирнягин зейнетақысының үстіне қосылған 60 рубльді премьер-министр Дмитрий Медведевке пошта арқылы жолдады. Ол сондай-ақ, елдегі барлық зейнеткерлерді осылай жасауға шақырып, Коммунистік партияның атына хат жазыпты деп хабарлайды SkifNews.kz.
Смирнягиннің айтуынша, пошта қызметкерлері оның премьерге жолдаған ақша аударымын қабылдап алғысы келмеген екен. Алайда, бір сағат бойы мұның өзінің заңды құқығы екенін түсіндірген зейнеткер ақыры дегеніне жетіпті.
Медведевке жолдаған 60 рублі үшін Смирнягин пошта қызметіне тағы 133 рубль төлеген. «Үйіме қайтып барам, көңілдімін, өзімнің таз басымнан өзім сыйпап келемін», — делінген зейнеткердің коммунистерге жазған хатында.
Ол енді Ресейдің бүкіл зейнеткерлерін зейнетақыға қосылған «тиыннан» бас тартып, оны Медведевке жолдауға шақырып отыр.
«Бәлкім осылай жасасақ біздің даусымыз жоғарыға жетер. Сонша міндетсінген тиындарын өздеріне лақтырайық. Ұялмайды ма?», — делінген зейнеткердің хатында.
Айта кетейік, Ресейде 1 сәуірден бастап жұмыс істемейтін зейнеткерлердің сақтандыру зейнетақысы 0,38 пайызға өсті. Биыл жыл басында ол 5,4 пайызға көтерілген болатын.