ХАЛЫҚТЫҢ ҮШТЕН БІРІ ПАРА БЕРЕТІНІН АЙТАДЫ
2017 ж. 14 сәуір
2002
2
Сауалнама жүргізілген қазақстандықтардың 29%-ы шенеуніктерге пара бергенін айтты, деп мәлімдеді «Transparency Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры Наталья Ковалева.
«Әлемдік жемқорлық барометрі-2016» зерттеуі аясында сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 29%-ы шенеуніктерге пара бергенін айтты. Мұның өзі қазақстандықтардың парасыз өмір сүруге болатынына сенбейтіндерін көрсетіп отыр», – деді Н. Ковалева өткен жұма күні «Жемқорлыққа қарсы зерттеу жүргізу» шебер-класында.
Зерттеу ақпарынша, сауалнамаға қатысқандардың үштен бірінен астамы полицияға, ал төрттен бірі мемкіріс органдарының өкілдеріне пара бергендерін айтқан. Сондай-ақ пара бойынша тізімді сот, медициналық және білім беру мекемелері бастап тұр.
«Егер бұл ақпарды 2013 жылмен салыстырсақ, маңызды нүктелердің өзгермегенін байқаймыз. Сондықтан сауалнамға қатысқандардың 32%-ы тұрмыстық жемқорлықпен күресте мемлекетте алға ілгерілеудің байқалмайтынын атап өткен», – деді Н. Ковалева.
ҚазТАГ