Өзбек миллиардері туған жерін дамытуға қыруар қаржы бөлмекші
2017 ж. 09 сәуір
4252
4
Шавкат Мирзияевтің Өзбекстан президенті ретінде Ресейге алғашқы сапары барысында 16 млрд доллардың 55 келісім-шарты қабылданды деп жазады centralasian.org.
Өзбек шенеуніктерінің бірінің хабарлауынша, ресейлік капиталдың басым бөлігі Ресейдегі өзбек миллиардерлеріне, атап айтқанда Әлішер Усмановқа тиесілі. Ол 5 сәуірде Кремльдегі кездесуге қатысқан.
"16 миллиардтың кем дегенде 7 миллиардын Әлішер Усманов инвестициялады. Соған тиесілі бірқатар компаниялар Мирзияевтің Мәскеуге сапары қарсаңында келісім-шарттардың бір бөлігіне қол қойды. Мысалы, ресейлік мұнайды Өзбекстанға экспорттау туралы шарт Усмановқа тиесілі. Оның жиырмадан астам компаниясы бар", - деді шенеунік.
Оның айтуынша, 63 жастағы ресейлік миллиардер Әлішер Усманов Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Кәрімовтің қазасынан соң Ташкентке көп келетін болған, ол ел экономикасына қомақты қаражат құя бастады.