Соңғы бес жылда еліміз ұрлықтан 70 млрд теңге шығынға батқан
2017 ж. 27 наурыз
2259
5
2011 жылдан берi елiмiзде ұрлықтан келген шығын көлемi 70 млрд теңгеден асты. Бұл туралы Бас прокуратураның 2-шi департамент бастығы Құсайын Игембаев Ұрлықтың алдын алу мәселелерiне арналған Бас прокуратураның үйлестiру кеңесiнде айтты деп хабарлайды Baq.kz.
«25 жылдағы статистикаға көз жүгiртсек, ұрлық жыл санап артып келедi. 2011 жылдан берi ұрлық жалпы қылмыстың жартысынан көбiн құрайды. Осы уақытта келтiрiлген шығын көлемi 70 млрд теңгеден асып, оның жартысы ғана қайтарылған», - дедi Игембаев.
Маманның айтуынша, ұрлықпен күрестi күшейту мақсатында Бас прокуратура мен IIМ бiрлесiп, «Ұрлыққа тосқауыл» жобасын бастады.
Жоба аясында мадақтау жүйесiн енгiзу арқылы бейнебақылау камералары жүйесiн кеңейту жоспарланып отыр. Және де отырыста «Бұлтты бейнебақылау» жобасы ұсынылды.
Атап өтсек, 25 жылда елiмiзде 2 млн-нан астам ұрлық жасалып, оның 1,5 млн-ы ашылмаған.