Елімізде жаңа зейнетақының көлемі белгілі болды
2017 ж. 28 ақпан
2233
0
Елімізде жаңа зейнетақының көлемі белгілі болды. Еңбек министрлігі қарттарға нақты қанша ақша қосылатынын есептеп шыққан деп хабарлайды КТК арнасы.
Жаңа заң бойынша, ең төменгі зейнетақы биыл 1-ші шілдеден бастап 45 мың 711 теңге, ал орташа зейнетақы 66 мың 676 теңге болады.
Келесі жылы базалық зейнетақыны есептеу әдісі де өзгереді. Енді азаматтардың 1998 жылға дейінгі және одан кейінгі жылдардағы еңбек өтілі есепке алынбақ. Сондай-ақ, бала туылғанда берілетін бір реттік жәрдемақы да 20 пайызға артады.
Биыл қаңтардан бастап дүниеге келген бірінші, екінші, үшінші балаға 71 мың 270 теңге төленуде.
Шілдеде бұл сома 86 мың 222 теңгеге көтеріледі екен. Ал төртінші баласын туған анаға Үкімет 142 мың 947 теңге бермек. Бірақ, зейнетақы мен жәрдемақы бірден емес, кезең-кезеңімен көтеріледі.