Көмекшісінің жаңылып кеткенін айтқан министр халықтан кешірім сұрады
2017 ж. 23 ақпан
2225
0
Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек БЖЗҚ қоғамдық кеңесінің басшысы Досым Сәтпаевқа хабарласып, вице-министр Альберт Раудың зейнетақы қорынан бөлінетін 50 миллиард теңге туралы жаңылысып айтқан мәлімдемесі үшін кешірім сұрады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл саланы қаржыландыруға БЖЗҚ-дан басқа да көздерді жұмылдыру қарастырылуда.
Досым Сатпаевтың айтуынша, Ұлттық банкте де БЖЗҚ-дан 50 миллиард теңге бөлу туралы ақпаратқа қатысты өз ойын білдірген: "Зейнетақымен қамсыздандыру" туралы заңға сәйкес, БЖЗҚ зейнетақы активтері Ұлттық қордың басқару Кеңесі мақұлдаған бағыттар бойынша инвестицияланады.
"Мәселенің анық-қанығына жету үшін келесі аптада Ұлттық банк өкілдерімен кездесуге ұйғардық. Сонда олар зейнетақы активтерінің қалай басқарылатыны туралы ақпарат береді", — деді Сәтпаев.
Еске сала кетейік, Инвестициялар және даму министрлігінің алқа отырысында вице-министр Альберт Рау 2017 жылы Біріңғай зейнетақы қорынан теміржол машина жасау саласына 50 миллиард теңге ақша бөлінеді деп мәлімдеген болатын.