"Бәйтерек" еншілестерінің топ-менеджерлері 61 млн теңге сыйақы алды
2016 ж. 29 желтоқсан
2234
2
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің еншілестері "Қазақстан инвестициялық қоры" 61 млн теңге сыйақы алды деп хабарлайды NUR.KZ.
«2013 жылғы қаржылық қызметтің негізінде еңбек ережелеріне сәйкес 2014 жылдың мамыр айында қордың екі басқарма қызметкеріне 11 900 000 теңге көлемінде сыйақы төлемдері жасалды.
2014 жылдың қорытындысы бойынша 2015 жылдың маусым айында қордың 12 қызметкеріне сыйақы берілді. Басқарма бөлімінің 5 мүшесі 25 769 643 теңге және өзге де 7 қызметкер 23 299 673 теңге көлемінде сыйақы алды», ― деп мәлімдеме жасады қордағылар.
Осы орайда, 2015 жылдың қорытындысы бойынша инвестициялық қордың басшыларына сыйақы тағайындалмағанын алға тартты.
Сондай-ақ, компаниядағылар 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап директорлар кеңесінің шешімімен аппарат басшысы және директорлар төрағасы қызметтерін таратып жібергенін айтады.