Еліміздегі ең белді банк лицензиясынан айырылып қалды
2016 ж. 28 желтоқсан
1749
0
Ұлттық банк елдегі белді банктердің бірін лицензиядан айырды деп хабарлайды КТК арнасы. «Қазинвестбанктің» 27-ші желтоқсаннан бастап қандай да бір қаржылық қызмет көрсету құқығы жоқ.
Оған қаржы ұйымының бір емес, бірнеше мәрте қателік жібергені себеп болған. Сөйтіп, ақша аударымдарын кешіктірген «Қазинвестбанк» лицензиясынан қағылып отыр.
Қазір онда уақытша басшылық қойылған. Ал түбегелі таратуды сот шешпек. Салымшыларға келер болсақ, оларды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры өз қамқорлығына алды.
Қаржы ұйымы ақшасын жақын күндері екінші деңгейлі банктердің біріне тапсырып, салымшылармен сол банк есептесетін болады.
Яғни ұлттық валютамен сақталған 10 миллион теңге мен доллармен сақталған 5 миллион теңге көлеміндегі салымдар иелеріне қайтарылады.