ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың айтуынша, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын нақты үш бағытта іске асыру жоспарланған. Біріншіден, ипотека арқылы жаңа баспананы сатып алу шараларына басымдық беріледі. Екіншіден, тұрғын-үй жинақ жүйесі бойынша халықты баспанамен қамтамасыз ету жұмысы жалғаса береді. Осының аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар үшін аймақтық тұрғын үй қорларын құру жоспарланып отыр. Үшіншіден, жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға баса назар аударылады. Бағдарлама аясында осы уақытқа дейін берілген жер учаскелеріне де инженерлік желілерді тарту қарастырылған, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БІРДЕН 100 МЫҢ ЖЕР УЧАСКЕСІ БЕРІЛЕДІ
2016 ж. 19 қыркүйек
3052
6
«Инженерлік желілерді тартып, жеке меншік тұрғын үй саласын дамыту осы саланың басты бағыты болмақ. Осы жұмысқа қосымша инвестицияларды тартудың арқасында біз бюджетке түсетін салмақты азайта аламыз. Сондықтан осы бағыттар жаңа бағдарламада көрініс табатын болады», - деп атап көрсетті Қ.Бишімбаев бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағаты барысында.
Министрдің сөзіне қарағанда, «Нұрлы жер» бағдарламасының барлық үш бағыты бойынша инфрақұрылымды барынша дамыту жоспарланып отыр. 2015-2016 жылдары осы мақсатта 151,8 млрд. теңге қарастырылған. Соның арқасында 2016-2017 жылдары 101 мыңға жуық жаңа жер учаскелерінің инженерлік инфрақұрылымы дайын болмақ. Бұдан бөлек, осы уақытқа дейін берілген 57,4 жер учаскелеріне инженерлік желілер тартылады. Осының нәтижесінде қосымша 43,5 мың жаңа учаскесін дайындауға мүмкіндік бар. 2017 жылы инженерлік инфрақұрылымды дамыту шараларына тағы 84 млрд. теңге жұмсалады.
Айта кетейік, Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жек тұрғын үй құрылысына арналған «Нұрлы жер» бағдарламасын әзірлеуді тапсырған болатын. Оның аясында қазақстандықтарға инженерлік инфрақұрылымды тартқаннан кейін қазақстандықтарға 10 сотық жер беру қарастырылған. Аталған бағдарламаға қазіргі ипотекалық және тұрғын-үй жинақ тетіктері енгізілетін болады. Премьер-министрдің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтың айтуынша, «Нұрлы жер» бойынша игерілмей жатқан жерлерді қайтару тетігі жылдың аяғына дейін қабылданады.