10 миллиард Астананы жаңбыр суынан құтқармаса - Исекешев қызметінен кетсін
2016 ж. 08 шілде
5065
5
Астананы жаңбыр суынан құтқару үшін бюджеттен 10 миллиард теңге бөлінбек деп хабарлайды КТК арнасы.
Алайда, бұл қыруар қаржы «ЭКСПО» өтетін ауданға ғана суағарлар салуға жұмсалатын болды. Халықаралық көрме өтетін аумақты жарылқауға көшкен елорда әкімдігі 2016 жылдың 10-шы шілдесіне дейін Есілдің сол жағалауына жауған жауынның ізі де қалмайды деп сендіріп отыр.
Тура туған күнінде төпелеп жауған нөсерден Астанадағы қозғалыс қиындап, той тойлауға шыққан жұрт тізеден су кешіп кеткен еді. Тіпті мақтаулы «Бәйтеректің» шатырынан су ағып, қыдырыстың шырқын бұзды. Ал шенеуніктер бұл табиғаттың тосын құбылысы, сондықтан аса дүрлігудің қажеті жоқ деп отыр.Оның үстіне жарты сағатта нормадан екі есе артық жауын түскен. Бірақ, «ЭКСПО-ға» дейін Астана Венецияның күйін кеше бермек. Бар күшті Есілдің сол жағалауына жұмсап жатқан әкімдік су ағызатын коллектордың құрылысын 2017 жылы бітіреміз дейді.
Тіпті істі шапшаңдату үшін, 3 миллиард теңге жұмсалмақ. Бюджеттен қосымша тағы 7 миллиард бөліну жоспарланып отыр. Ал оң жағалау мен қаланың ескі бөлігіне «ЭКСПО» өтпей «жарық жоқ» сыңайлы.