Дағдарыстың жаңа кезеңі. Мұнда саясат емес, сандар сөйлейді
2016 ж. 28 наурыз
4643
0
Қазақстанның биылғы жылы елеулі нашарлаған сыртқы сауда статистикасына қарағанда, кезектен тыс парламент сайлауы алдындағы қысқа мерзімдік тұрақтылық кезеңінен кейін теңгенің долларға шаққандағы бағамы қайтадан төмен қарай құлдырауы мүмкін. 2015 жылғы қаңтарда еліміздің сыртқы саудасының көлемі жылдық шамада қысқарған, яғни, 2014 жылдың осы айымен салыстырғанда 28,9 пайызға, экспорт – 39,2 пайызға, ал импорт 1,8 пайызға өскен. Сол 2015 жылы осы саладағы құлдырау қарқыны елеулі жеделдетілді. Қаңтарда жылдық есептеудегі сыртқы сауда айналымы 42,3 пайызға, $4,3 млрд-қа дейін төмендеген, оның ішінде экспорт – 42,6 пайызға, $2,75 млрд-қа дейін, импорт – 41,6 пайызға, $1,5 млрд-қа дейін.
Әрине, статистикалық жағдайдың нашарлауына теңгенің американдық валютаға қатысты девальвациясы әсер етті, ол автоматты түрде доллар эквивалентіндегі сыртқы сауда көлемінің қысқаруына, сондай-ақ Қазақстаннан экспортталатын шикізат бағасының төмендеуіне әкеліп соқты. Соған қарамастан, қаңтардың қорытындысы бойынша, сыртқы саудадағы оң сальдо көлемінің жылдық есептеуде елеулі қысқарғаны айқын – 1,8 есе, $1,18 млрд-қа дейін. Абсолюттік шамадағы жоғалтулар $903,3 млн-ды құраған. Ал
Сыртқы саудадан түсетін валюта табысының қысқаруы елдің төлеу теңгерімінің нашарлауына әкеліп соғады, одан кейін, алдыңғы дағдарыстық кезеңдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, девальвацияның орын алатыны бұлтартпайтын ақиқат
Сонымен қатар, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен саудасында да жағымсыз нәтиженің орын алғанын атап өткен жөн – минус $214,8 млн., және ТМД мемлекеттерімен – минус $229,7 млн. Мұндай жағдай Ресеймен сауда қатынасындағы жағымсыз сальдо әсерінен қалыптасты, қаңтарда ол минус $302,7 млн-ды құрады. Қысқарған валюта табысының негізгі көзі ретінде бұрынғыдай, Қазақстанның „алыс шет елдер„ деп аталатын елдермен сыртқы саудасы танылып отыр, онда статистиктер $1 млрд 415,8 млн шамасындағы жағымды сальдоны тіркеген. Айтпақшы,
ЕАЭО мен ТМД елдерінің ешқайсысы біздің экспорттың жалпы көлеміндегі үлесі бойынша жетекші серіктестердің алғашқы үштігіне кірмейді
– ол жерде статистиктер Италияны (18,4 пайыз), Швейцарияны (11,1 пайыз) және Қытайды (8,9 пайыз) көрсеткен. 32,9 пайызбын Ресей басымдыққа ие болған импортта – жағдай бөлек. Сондықтан
Енді ресейлік импорттың озбырлығына төтеп беруге, тіпті, теңгенің кезекті күрт девальвациясы да көмектесе алмас
Жекелеген елдердің Қазақстанның сыртқы саудасындағы меншікті салмағы, қорытындыға пайызбен шаққанда
Дереккөз: ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Сатитстика жөніндегі комитеті.
Орысшадан аударған Қайрат Матреков
365info.kz