Алматының 2016 жылға жұмсайтын ақшасы белгілі болды
2016 ж. 27 қаңтар
2981
0
Алматы мәслихатының 50-ші сессиясының депутаттары қаланың 2016 жылға арналған бюджетін бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Киқымовтың айтуынша, қала бюджетінің шамамен 5,3 миллиард теңгесін халықтың әлеуметтік аз қамтылған санатына бөлу ұсынылды. "Әлеуметтік нан 10 теңгеге қымбаттайтын болса, қаражат бөлу қарастырылған. Екіншісі - жеңілдікпен жеке тасымалдаушыларға көлік дотациялары. 1 наурыздан бастап 4,5 мың мүмкіндігі шектеулі балаларға, 1 және 2 топтардағы 23 мың мүмкіндігі шектеулі жандарға, Ұлы Отан соғысының 12 мың ардагеріне тегін жол жүру енгізіледі. Көпбалалы аналар 50 пайыз жеңілдікке ие болады. Сонымен қатар, 202 мың оқушыға, 200 мың зейнеткерге және 7,5 мың көпбалалы анаға, сонымен қатар 202 мың студентке жол жүру билеттері қалпына келтіріледі", - деп есеп берді ол.
Мұнымен қатар, басқарма басшысының айтуынша, 300 миллион теңге қалада кептелістен құтылуға мүмкіндік беретін жол қозғалысының кешенді кестесін жасауға бөлу жоспарланған. "Бұл кесте көлік ағымдарын тиімді бағыттауға, автобустарға арналған жолақтарды анықтауға, тарифқұрылымдауды иілгіш етуге және ең бастысы кептеліс мәселесін шешуге көмектеседі", - деді Киқымов.
Мәслихаттың депутаттық тұрақты комиссиясының төрағасы Сергей Козловтың айтуынша, 2016 жылы қала бюджетіне жалпы 370,215 миллион теңге бөлінді. Депутаттар бұл бюджетті бір ауыздан бекітті. Айта кетейік, сессия жұмысына қала әкімі Бауыржан Байбек пен оның орынбасарлары және 27 депутат қатысты.