Мәсімов: Алдағы бір-екі аптада теңге бағамы тұрақталады
2016 ж. 23 қаңтар
2001
3
Теңге бағамы салыстырмалы тепе-теңдікке жақындады, алдағы бір-екі аптада тұрақталады, деп санайды Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов.
“Менің ойымша, біз белгілі бір салыстырмалы тепе-теңдік нүктесіне жақындадық, енді жақын болашақта, меніңше бір-екі апта ішінде рубльдің де, теңгенің де долларға қатысты бағамның тұрақталғанын көреміз. Бұл өте маңызды деп білемін. Тепе-теңдік нүктесіне келгенде, жағдай да тұрақталады, сол кезде ұзақ мерзімді болжам жасауға болады”, — деді Мәсімов РИА Новости агенттігіне.
Қазақстан үкімет басшысының айтуынша, қазіргі таңда ұлттық валютаның бағамына екі фактор әсерін тигізеді.
“Бірінші фактор — мұнай бағасы. Екінші фактор – бұл рубль бағамының тұрақты валюталарға қатынасы, өйткені біз Ресеймен бірге бірыңғай экономикалық кеңістіктеміз", — деп атап өтті Мәсімов.