Теңге бағамы өзінің тарихи минимумын жаңғыртты
2016 ж. 08 қаңтар
2062
1
Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Нәтижесінде теңге өзінің тарихи минимумын жаңғыртып, орташа сараланған бағам долларына 351,85 теңге болды, - деп хабарлайды NUR.KZ.
Еске сала кетсек, сәрсенбі күні жалпы сессия қортындысы бойынша АҚШ валютасы 344,68 теңгені құраған.
Теңге бағамының түсуіне әлемдік нарықтағы мұнай бағасының арзандауы мен қытайлық юаньның девальвациясы әсер еткен.
Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 33 доллар 37 центке дейін арзандап, соңғы рет 2004 жылы тіркелген межеге дейін түскенін хабарлаған едік.
qazaquni.kz