Қазақстан Ресейдің азық-түлік өнімдерін қара тізімге енгізді
2016 ж. 04 қаңтар
3069
0
Қазақстанда Ресейден жеткізілетін бірқатар азық-түлікті тұтынуға тыйым салынып жатыр. Қара тізімге әзірге 20-ға жуық компанияның өнімі ілігіпті, - деп хабарлайды Алматы ТВ.
[caption id="attachment_44202" align="aligncenter" width="800"] Фото: altaynews.kz[/caption]Олардың 7-уі кондитерлік, 10-ы – құс еті өнімдері, 2-уі – макарон мен жарма өнімдері болса, тағы үшеуі – май саудасының белгісі таңбаланған тауарлар.
Ресейден бөлек, Украина мен Беларусьтің де бірнеше өнімдерін әзірге жемеуге кеңес беріп жатыр мамандар. Белгілі болғандай, 6 компанияның азық-түлігі нақты шектеу қойылғандар санатына ілігіп отыр.
Сапа талаптарына сай келмейтін тауарлар Қызылорда, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарындағы дүкендерден анықталған. Сондай Шымкент пен Орал қалаларындағы ірі сауда орталықтарының сөресіне де табылған.
qazaquni.kz