Әсет Исекешев инвестициялық омбудсмен болып тағайындалды
2015 ж. 30 желтоқсан
1673
0
ҚР Премьер Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойды. ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2015 жылғы 26 желтоқсан №1071 Астана, Үкімет Үйі
Инвестициялық омбудсменді тағайындау туралы
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 314-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:- Әсет Өрентайұлы Исекешев инвестициялық омбудсмен болып тағайындалсын.
- «Инвестициялық омбудсменді тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 ақпандағы №32 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015., №3, 16-құжат).
- Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К. МӘСІМОВ