Н. Назарбаев: Әрқайсымыздың сөздік қорымыздан «Теңге» сөзі түспеуі тиіс
2015 ж. 30 қараша
2645
1
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келер жылға арналған кезекті Жолдауын жариялау аясында ұлттық валютамыз – теңгенің беделін нығайтуға күш салу керектігін атап өтті.
«Әрқайсымыздың сөздік қорымыздан «Теңге» сөзі түспеуі тиіс. Доллар ол шеттен тауар алатындар үшін. Қазақстандықтар осыған бейімделуі керек. Біздің елдің ұлттық валютасы теңге екенін ешқашан ұмытуға болмайды», –деді Мемлекет басшысы.
Президент сонымен қатар жаңа жылдан бастап барлық шоттарға ревизия жасалады деді. Ал 2017 жылдың 11 қаңтарынан бастап барлық табыс көзін жария ету күшіне енетінін атап өтті.
Айта кетейік, Биылғы Елбасының жолдауының тақырыбы – «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» деп аталады.
qazaquni.kz