Бірыңғай зейнетақы қорын Ұлттық банк бақылайды
2015 ж. 30 қараша
1470
0
Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбындағы Жолдауында Ұлттық банктың жаңа басшылығына бірқатар жауапкершілік жүктелді. Соның бірі – Бірыңғай зейнетақы қорын бақылау құқығы туралы болды, деп хабарлайды Вnews.kz.
«Қазіргі жағдайды бағамдай отырып, Ұлттық банк елдегі қаржылық жағдайды мұқият қадағалауда ұстауы керек. Сонымен қатар, елдің теңгеге деген сенімін нығайтуға барынша жұмылып еңбек етуі тиіс деп ойлаймын және Ұлттық банктің жаңа басшылығы мұндай сенім үдесінен шығады деген сенімдемін», - деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Елбасы өз Жолдауында Бірыңғай зейнетақы қоры мен өзге де бірқатар қаржылық институттарды бақылау құзыретін Ұлттық банк қарамағына беру керек деп санайтындығын білдірді.