Қазақстанның қазба байлықтары аукционға шығарылады
2015 ж. 28 қараша
5520
0
Барлығы 100 жер қойнауы учаскесі сатылады. Оның ішінде 27-сі өндіруге, 73-і барлауға арналған. Аукцион арқылы 46 алтын кеніші, 2 кобальт пен хром, бір титан, үш үштен марганец пен темір кеніштері, бір алмаз, 2 боксит тағы басқа кен орындары сатылады. Аукционға қатысуға өтініштер 1 қазанға дейін қабылданған. Барлығы 190 өтініш түскен.
Министрлік таратқан ақпаратта “Аукцион мемлекетке инвестиция тартуға, оған қатысушылардан барынша мол қаржы түсуруге септігін тигізеді” делінген.