Қазақстанда доллар бағамы 265 теңгеге жетті
2015 ж. 13 қыркүйек
2211
1
13 қыркүйек
Kurs.kz мәліметі бойынша 2015 жылдың 13 қыркүйегінде доллар бағамы 265 теңгені құрады деп жазады NUR.KZ.
Кей айрыбас нүктелері долларды 266 теңгеден сатуда. Жұма күні кешкісін Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау нүктелері долларды 265 теңгеден сатып, 263 теңгеге сатып алды. Ал бүгінде «Казкоммерцбанк» АҚ долларды 261,41 теңгеге сатып алып, 266,47 теңгеге сатуда. «Қазақстан Халық Банкінде» тиісінше 263,02 және 265 теңге. Қазақстан Ұлттық банкінің 13 қыркүйекке бекіткен теңгенің долларға шаққандағы бағамы 252,14 теңге. Жексенбі күнге қойылған бағалар арасында долларды ең тиімді сату және сатып алу құны – 263,5 теңгені құрайды.Дереккөз: NUR.KZ