Жаңа теңге бағамы негізгі тауарларға қалай әсер етуде?
2015 ж. 01 қыркүйек
2096
0
Теңге бағамының еркін айналымға жіберілуі қазақстандық өнімдерге қалай әсер етіп жатқанын журналистер саралап көрді, - деп жазды Караван.
Нан
Соңғы жылдары Ауылшаруашылық министрлігі және әкімшілік нан бағасын қатаң бақылауда ұстауда. Халықты қолдау үшін нан мен ұн бағасы тұрақты болуы үшін жиі келіссөздер жасалады. Сонымен бірге әкімшілік сатушыларға бидайдың жарты бағасының шығынын өтеп беруде, ал олар орнына бидайды белгіленген бағамен қаланың өңдеуші кәсіпорындарына қоюға міндеттеліп отыр. Әйтпесе нанның бағасы бүгінде 100 теңгеге бір-ақ баратын еді.
Сүт пен ет
Бағалар өсіп жатыр, алайда көп емес. Орташа 10-15 пайызға. Бұл туралы ет-сүт одағының атқарушы директоры Сансызбай Өмірбеков Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.
Сүт пен етке қатысты мүлде бөлек жағдай. Құсөсірушілердің жартысының шығыны бидайдан өндірілетін жем бағасына кетеді. Егер бидай бағасы көтерілсе, онда құс фабрикаларының да шығыны көбейеді. Бұл дегеніміз, дүкендердегі құс бағасы да көтеріледі деген сөз.
Көліктер
“Қазавтобизнес” қоғамдастығының президенті Андрей Лаврентьевтің сөзінше, автокөліктердің бағасы осы жылдың соңына дейін 5-6 пайызға қымбаттайды. Одан артық өсіру отандық өндірушілер үшін тиімсіз. Әйтпесе өндірушілер қаламайтын, Ресейден көліктер ағыла бастайды.
Компания теңге бағамына байлаулы болғандықтан, қазақстандық автокөліктердің бағасында аздаған ауытқулар болуы мүмкін.
Көкөністер мен жеміс-жидектер
Біз 40 пайызға өзімізді таза жеміс-жидектер және көкөністермен қамтамасыз етіп отырмыз. Импорт негізінен Қытай, Пәкістан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен жеткізілуде. Негізінен сырттан келетін өнімдер жергілікті өнімдер шықпағанда немесе мүлде болмаған өліара уақытында жеткізіледі. Бұл ақпан мен маусым аралығы. Сондықтан бұл тауарларға бағаның бірден көтерілуі болмайды. Себебі әзірге саудагерлердің жергілікті өнімдерден қосымша қоры бар. Алайда жылдағы өліара уақытында болатындай жаңа жылдан кейін бағалар “ұшуы” мүмкін. Бұл уақытқа дейін әкімшілік бағаларға деген бақылауды бәсеңдетуі де ықтимал.
Киім
“Тоқыма өнеркәсібінде отандық өндірушілердің үлесі 10 пайыз, аяқ-киім өндірісі бойынша ішкі нарықтың тек 1 пайызын ғана жауып отырмыз.” Қалғандары шеттен әкелінеді дейді “Караванға” Жеңіл өнеркәсіп қоғамдастығының президенті Любовь Худова. Сонымен бірге біздің жеңіл өнеркәсібімізге қажетті жіп, мата, сырт киімдерге қажетті маталарды, аксессуарларды, бояғыштарды, қайыстарды, өндіріске қажетті ұсақ-түйек заттардың барлығы шет елден жеткізіледі. Сондықтан да олар қымбаттамақ.
Жанар-жағармай материалдары
Әзірге баға белгілеу бойынша ең түсініксіз тауарлардың бірі. Жанар-жағармай материалдары нарығын Қазақстанда шикізат берушілер ұстап тұрғанын министрліктің өзі мойындаған.
Шикізат берушілердің алдында қашан да бір шешілуі тиіс мәселе тұрады: мұнайды валютаға шетелге сату немесе оны Қазақстанға теңгеге беру.
Мұнайға баға өскен кезде басымдылық экспортқа беріліп, елде жанармай тапшылығы орын алады. Ал баға төмендесе, бағасы қадағаланып отыратын ішкі нарыққа басымдылық беріледі.