Назарбаев жалақыны өсіруге мораторий жариялады
2015 ж. 21 тамыз
2710
0
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жалақы мен шенеуніктердің көбеюіне мораторий жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордадан, мұнда Мемлекет басшысы үкімет мүшелерімен және республиканың бизнес қауымымен кездескен болатын.
Президент Қазақстанның дағдарыстан шығуы үшін және үнемдеуді үйренуі үшін қандай шараларды жүргізуі керек екенін айтып берді. Мемлекет басшысының пікірінше, бүгінгі жағдай әрбір кәсіпорыннан және үкіметтен ұзақмерзімді шараларды талап етеді.
"Бүгінгі жағдай, басымыздағы жағымсыз трендтер - мүлдем басқа. Бұл барлығына әсер етеді және әсіресе өнеркәсіпке әсерін тигізеді. Яғни жалпылық төмендеу тенденциясы. Бұл бөлікте алдымызда не барын кім біліпті. Бір де бір сарапшы жақсылап айтып бере алмайды. Шын мәнінде болжам айтатындар жоқ, болжам бар, есеп те бар. (...) Болжам жасау қайырлы іс емес", - деп есептейді Президент.
Ол қазақстандықтарда қолда бар жағдаймен өмір сүруге шақырды. "Бюджетіміздің табыс көлеміне байланысты жаңа жобаларға, жаңа бастамаларға жұмсалатын шығындар қатаң түрде шектеледі. Бұл қалыпты жағдай. (...) Күн сайын қол жайып, үкіметке бара берудің қажеті жоқ. Сондықтан кеңейтілуге, жалақыға, штаттарға, шенеуніктерге мораторий жариялаймын. Ең кемі 2016, 2017, 2018 жылдарға. Ал егер жағдай түзелсе және жағдаят басқа болса, онда әрине, қарастырамыз", - деді Президент. Ол республикалық бюджеттің дефицитінің 2018 жылға дейін 1 пайызға түсуі керектігін еске салды.
Бүгін ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.