2015 жылдың соңына дейін Астанада 10 балабақша пайдалануға беріледі

Ағымдағы жылдың аяғына дейін  елордада 240 орындық 10 балабақша мен 60 орындық жапсаржайды пайдалануға беру жоспарланып отыр, -  деп хабарлады Астана қалалық Білім басқармасы.

Балабақшалар келесі мекен-жайлар бойынша орналасады:

- Айнакөл мен Мирзоян көшелерінің қиылысында 240 орындық балабақша;

- Сауран мен № 24 көшенің қиылысындағы  240 орындық балабақша;

- Түркістан-Орынбор - № 25, № 26 көшелерінің қиылысындағы 200 орындық балабақша;

- Сығанақ көшесінің оңтүстігінде 240 орындық № 1 балабақша;

- Сығанақ көшесінің оңтүстігінде 240 орындық № 2 балабақша;

- Комсомол кентіндегі Қыз Жібек көшесі мен Ұлпан қысқа көшесініңқиылысындағы 280 орындық балабақша;

- Комсомол кентіндегі  Қыз Жібек көшесі мен Баян Сұлу көшесінің қиылысындағы 280 орындық балабақша;

- № 23 көшенің аумағында 240 орындық балабақша (Орынбормен № 36 көшенің арасында);

- Үркер шағын ауданындағы 240 орындық балабақша;

- Көктал-2 кентіндегі 240 орындық санаториялықбалабақша.

Сонымен қатар, № 4 «Аружан» балабақшасына 60 орындық жапсаржай.

astana.gov.kz