Қазақстанда доллар 198 теңге болып көтерілді
2015 ж. 19 тамыз
2292
9
Бүгін, 19 тамызда Қазақстанның айырбас нүктелерінде доллар құны 198 теңге болып көтерілді.
Казкоммерцбанк сайтында келесі ақпарат жарияланған:
Сол арада Ұлттық банктің сайтындағы ақпарға сәйкес, Ұлттық банк доллардың теңгеге шаққандағы ресми бағамын өзгертпеген.
Алматының айрыбас нүктелерінде доллардың сату бағамы 197,49 теңге болып көтерілді.
Достық даңғылындағы Сбербанктің алматылық филиалында доллар 196,5 теңгеден сатылған.
«Сбербанкте долларды сату бағамы сағат 11-ден 12-ге дейін 196,5 теңге болды», — дейді агенттік дереккөзі.
«МиГ» айрыбас нүктесі долларды 197,5 теңгеге сатып, Т195,5 теңгеге сатып алған.
«Казкоммерцбанк» айрыбас нүктесінде сәрсенбі доллар 196 теңгеге қойылған.
«ЦентрКредит» банкі долларды 194,5 теңгеге сатып, 192,5 теңгеге сатып алған. Халық банк, сәйкесінше 195,62 және 197,49 теңге етіп белгілеген.
Сәрсенбі күні Қазақстандық қор биржасының (KASE) саудасында орташа көтерілген теңге бағамы – Т188,38/$1. Сауда сессиясы барысында теңге бағамы 188,35 теңгеден 195-ке дейін құбылған.
Сол арада, NUR.KZ тілшісіне телефон арқылы хабарланған ақпаратқа сәйкес, Еуразиялық банкте ақша айырбасына қатысты барлық операциялар тоқтатылған.
«196 USD,KZT бағамы сессия соңында (Қазақстандық қор биржасының саудасында) өте аз мөлшерде кетті. Тағы бір рационалды емес шешім. Бағамның әсіре бағалану мәселесін шешу үшін бұл тым аз, алайда одан арғы теңге сатылымын жалғастыруға жетерліктей», — деп түсіндірді Halyk Finance инвестициялық банкінің зерттеу департаменті директоры Сәбит Хакімжанов.
Қазақстандық қор биржасындағы доллар/теңге саудасының соңғы 7 күндегі кестесі
Еске салсақ, 2015 жылдың 15 шілдесінде Ұлттық банк теңгенің долларға шаққандағы айырбас бағамының валюталық құбылу дәлізі өзгергенін мәлімдеген болатын. Дәліз 185 +3/-15 -тен 185+13/-15 теңгеге көтерілген еді. Мұндай шешім инфляциялық таргеттеу аясында бағамның әлдеқайда икемді құрылуына көшумен түсіндірілген.