Қыркүйекте Астанада тұрғын үй алуға өтініш қабылдау басталады
2015 ж. 10 тамыз
2901
1
«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2015 жылдың 4 қыркүйегінен 4 қарашасына дейін тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдайтынын хабарлайды. Пул ««2020 ж. дейін өңірлерді дамыту бағдарламасының» «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сәйкес келетін тұлғалардың ішінен құрылады.
Ескі және апаттық тұрғын үйлерді бұзудан кейін салынған қосалқы ғимарат пен автотұрағы бар 136 пәтер Е. Брусиловский мен Иманов көшелерінің қиылысында орналасқан. Таза әрлеу мен ыңғайлылығы IV санатты пәтердің бағасы 1 шаршы метрге 120 000,00 теңге, ыңғайлылығы III санатты пәтердің - бағасы 1 шаршы метрге 142 500,00 теңгені құрайды. Құрылыстың аяқталу мерзімі - 2015 жылдың желтоқсаны.
30 қыркүйектен 30 қарашаға дейін көп пәтерлі 5 қабатты үйдің сатып алушылар мен жалға алушылар пулын құруға қатысуға өтініштер қабылданатын болады. Тұрғын үй кешені Есіл өзенінің оң жағалауында, №23-31, 23-16, 23-17, 23-30, А-98 жобалық атаулары бар көшелердің қиылысында орналасады. Ыңғайлылығы IV санатты пәтердің бағасы 1 шаршы метрге 120 000 теңге, таза әрлеу мен ыңғайлылығы ІІІ санатты пәтердің бағасы 1 шаршы метрге 142 500 теңге. Кешен 99 пәтерге есептелген, құрылыстың аяқталу уақыты – 2015 жылдың желтоқсаны.
Тағы бір 9 қабатты 143 пәтерлік үй №23-31, 23-16, 23-17, 23-30, А-98 жобалық атаулары бар көшелердің қиылысында орналасады. Өтініштер 30 қыркүйектен 30 қарашаға дейін қабылданады. Ыңғайлылығы IV санатты пәтердің бағасы 1 шаршы метрге 120 000 теңге,«таза» әрлеумен ыңғайлылығы ІІІ санатты пәтердің бағасы 1 шаршы метрге 142 500 теңге. Құрылыстың аяқталу мерзімі - 2015 жылдың желтоқсаны.
Қатысушыларға қойылатын талаптармен Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бөлімінде танысуға болады. Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсындағы «Клиенттің жеке кабинетінде» беруге болады.
Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Банктің Астана қ. Сығанақ к-сі, 29 ВП-3 мекен-жайында орналасқан бөлімшесінде, немесе Астана №1 ҚО, Московская к-сі 29 (34 пәтер) мекен-жайында орналасқан, Астана №2 ҚО, Кенесары к-сі 4 мекен-жайында орналасқан, Астана №3 ҚО, Қажымұқан к-сі, 12а мекен-жайында орналасқан және де Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының суреттемесімен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады.
http:astana.gov.kz