Астана қалалардың халықаралық белсенділігі рейтингісінде көш бастады
2015 ж. 03 тамыз
2076
0
Шілденің 31 күні конгресс аясында Еуразия қалаларының халықаралық белсенділігі рейтингісі жүргізілді. Соның нәтижесінде «Біріккен қалалар мен жергілікті биліктер» Бүкіләлемдік ұйымының Еуразиялық аймақтық бөлімшесінің Бас Ассамблеясының рейтинг қорытындысы жарияланды. Ұйымдастырушылар ірі, орта және шағын қалалардың ішінде ең үздіктерін анықтады. Жалпы рейтингтің жеңімпазы болып Астана қаласы танылды. Ірі қалалар ішінде Хабаровск, Екатеринбург және Нижний Новгород та бар. Үздік үштікке сонымен бірге, Якутск, Ставрополь мен Тирасполь қалалары кіреді. Көшбасшы қалалардың отырысы еуразиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Шараның басты мақсаты жергілікті биліктің жаһандық шешімдер қабылдауға белсене қатысуы мен олардың әлеуетін арттыруға негізделген.