Бұрғылау жұмыстары Маңғыстаудан басталмақ
2015 ж. 08 шілде
2559
0
North Drilling Co. ирандық бұрғылау компаниясы Қазақстанмен ынтымақтасуға ниетті. Бұл туралы компанияның бас директоры Хеядейоллах Хадеми айтты, деп жазады Trend.
«Компания Қазақстанмен меморандумға қол қойған, біз қазақстандық тендерлерге қатыстық. Қазақстанда құрлықта бұрғылау жабдықтарын орнатып, бұрғылау жұмыстарын жүргізсек деп едік», деді Хадеми.
Оның айтуынша, компания осы жұмыстарды Маңғыстау облысынан бастағалы отыр.
Ал түрікменстандық компаниямен ынтымақтастығына қатысты компания директоры бұл елмен көптен бері байланыс орнағанын атап өтті.
ҚазАқпарат