Ұлттық қордан экономиканы қолдауға ақша берілмейтін болды
2015 ж. 03 шілде
1631
0
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа индустрияландыру аясындағы жалпыұлттық телекөпірде үкіметке өзінің ішінен резервтерді жинап, қаржы табуы керектігін тапсырды.
«Салынып жатқан жолдар мен құрылған өндірістер – Қазақстанның, халқымыздың қуанышы. Бұндай өндірістерді салу үшін мемлекеттің қуаты мен қаржысы болуы керек. Қаражаты жоқ мемлекеттер ешуақытта осындайды жасай алмайды. Осыған жеткенімізге тәубе деп айтуымыз керек. Мүмкіншілігіміздің бар екеніне шүкіршілік! Бірақ, қиын-қыстау жағдайда жинаған қорды біз ысыраптап, жая беруге мүмкіншілігіміз жоқ. Бұдан артық Ұлттық қордан ақшаны бермейтін боламыз. Үкімет өзінің ішінен резервтерін жинап, қаржысын табуы керек. Бөлінген қаражатты жақсылап пайдалануы қажет. Оның нәтижесін елге көрсетуі тиіс», – деп тоқталды президент.
«Қанша қиыншылық болса да, экономиканың өсімін төмендетпеу керек. Әр облыс, әр министрлік «жаңадан табатын қандай резервтер бар», «қай жерден өндірісті көбейтеміз» деп ойлауы қажет. Қандай қиындық кездессе де қайыспай, барлық жоспарымызды іске асыру – біздің алдымызда тұрған міндет», – деп түйді Назарбаев.
Дереккөз: ИА "Казинформ"